457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астаналық жігіт автосалондағы көлікті айдап әкеткен

Машинаны туысына көрсеткісі келіпті

Жүргізуші куәлігі жоқ жас жігіт автосалоннан көлік айдап әкеткен, - деп хабарлайды Malim.kz сайты Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, таңғы сағат 06:40 шамасында "Көкшетау-Рузаевка" тас жолының 36-шақырымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мемлекеттік нөмірсіз келе жатқан Kia Cerato автокөлігін байқап қалған. 

Жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырған соң тексеру үшін көлік тоқтатылған. Жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмай шыққан. Одан әрі талқылау барысында оның Астанадағы автосалонда жұмыс істейтіні және туысына бару үшін жаңа көлікті тікелей жұмыстан ұрлап әкеткені анықталды.

Полицейлер дереу елорданың әріптестерімен байланысқа шығып, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, көліктің іздеуде екенін расталды. Қызығы, жүргізуші ішімдік ішпеген. Бірақ полицейлердің айтуынша, жүргізуші куәлігінің болмауы оның жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкіндігін жеткізді. 

"Біз апаттың алдын алдық. Жүргізуші куәлігі жоқ адам жүргізу дағдысы жоғы салдарынан айналысына қауіп төндіреді", - делінген полиция хабарламасында. 

Фото: istockphoto.com