457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Блогер Эльмира Төлегенованың ісі қылмыстық іске ауысуы мүмкін

Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр.

 


Сот отырысында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Абдель Балтатеги сөз сөйледі.

Оның айтуынша, Төлегеноваға қатысты ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолдау қажет екенін айтты.

Блогердің әрекеттерінде қылмыстық сипаттағы белгілер бар, – деді комитет өкілі.

Ол нақтылай келе, Эльмира Толегенованың әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша құқықбұзушылық белгілері байқалатынын атап өтті.

Сот процесі жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешім кейінірек шығарылады.

Еске салайық, бұған дейін Толегенова мен оның жұбайы Ерболат Жанабылов заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырды деген күдікпен әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Фото: Instagram @elt6i