Бұрынғы вице-министрлердің үйінен жүздеген мың доллар табылды

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласында бұрынғы бірінші вице-министрлер Ақмәди Сарбасов пен Дәулет Арғандықов ұсталды, олардан жүздеген мың доллар табылды, - деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму экс-вице-министрі Даулет Арғандықов ұсталған кезде жүздеген мың доллар табылды.
«2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (ЭТД) қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 75 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті пара беру кезінде келесі тұлғалар ұсталды:
– Омаров Р. – «Бірінші несие бюросы» ЖШС-нің бас директоры;
– Сарбасов А. – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы, бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған;
– Арғандықов Д. – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы, бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.
Ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша тәркіленді», – деп хабарлады ҚМА бейсенбі күні.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Бірінші несие бюросы» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде пара беру және алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті жүргізуде.
«Тергеу барысында “Бірінші несие бюросы” ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін лоббилеу үшін “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар беріп отырғаны анықталды. (...)
2025 жылғы 30 маусымда соттың санкциясымен Сарбасов А., Омаров Р. және Арғандықов Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп толықтырды ведомство.
Еске сала кетейік, Сарбасов, Арғандықов және «Бірінші несие бюросының» бас директоры Руслан Омаровтың ұсталғаны туралы ақпарат 1 шілде күні белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз


Ең көп оқылған
