Елімізде 2 мыңға жуық көлік заңсыз тіркелген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, соңғы үш жылда 88 қылмыстық іс тергеліп, 1 800-ден астам көлік заңсыз тіркелгені анықталған. Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке 11,8 млрд теңге көлемінде залал келген, деп хабарлайды Malim.kz.
Тергеу барысында 70 күдікті анықталды. Олардың қатарында әкімшілік полицияның басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және бірқатар нотариустар бар.
Мемлекетке қайтарылған қаражат пен тәркіленген мүлік:
900 млн теңге көлемінде алым өндіріп алынды;
Құны 31 млрд теңге болатын 1500 автокөлікке тыйым салынды;
Күдіктілерге тиесілі 968 млн теңгенің мүлкі бұғатталды.
Фото: видеодан кадр