457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Министрді сынаған журналист өзін қамауға алуға оқталып жатқандар туралы айтты

Павлов министр Сапаровты жауапқа тарту туралы арыз жазған

Журналист Кирилл Павлов ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты жалған сөйледі деп айыптағаннан кейін өзін қамауға алмақшы болғандар туралы айтты. Бұл туралы КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


«Мені Қылмыстық кодекстің 456-2-бабының 4-бөлігі (жалған ақпаратты орналастыру, тарату) бойынша айыптап жатыр, бұл бап қамауға алуды көздейді. Сотты бірден, оқиға орнында өткізбекші. Неліктен дәл 4-бөлік (онлайн платформалар пайдаланушылары) бойынша, егер менде БАҚ лицензиясы болса (1-бөлік) және материалдар ресми БАҚ-та жарияланса түсіндірмейді. Ал ақпараттың қай жері жалған, АШМ-нің ресми бұйрығын келтіргенім бе, оны да айтпайды», - деп жазды Павлов әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

KazTAG редакциясы бұл жағдайға байланысты Астана қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне түсініктеме сұраған.

Сонымен қатар, Астана қалалық Журналистер одағы филиалының төрағасы Әмірр Қасенов те Павловқа қатысты жағдай бойынша ПД мен ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметтеріне ресми сауал жолдағанын хабарлады.

«Павловтың төңірегіндегі жағдай Қазақстанда қос стандарттар саясатының қалыптасып жатқанын айқын көрсетіп отыр. Павлов ауыл шаруашылығы саласындағы шындыққа жағымсыз жайттар туралы жиі жазады, сол үшін оны қудалайды. Бірақ неге ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың өзіне қатысты іс қозғалды дегенді естімейміз? Ол елдің сүт өнімдерімен толық өзін-өзі қамтамасыз етіп отырғанын айтқан еді. Екібастұз жылу электр станциясындағы апатқа дейін «қысқа толық дайынбыз» деген шенеуніктерге қатысты да іс қозғалды дегенді естіген жоқпыз. Сол сияқты, ауқымды су тасқыны алдында «паводок қаупіне дайынбыз» деген немесе COVID кезеңінде блок-бекеттегі өлімге «полиция емес, бөгде адам кінәлі» деп, тіпті «полиция формасын кез келген военторгтан сатып алуға болады» деген ресми тұлғаларға қатысты да ешқандай жауапкершілік туралы естімейміз. Ал мұндай ресми өтіріктердің тізімін әрі қарай да жалғастыра беруге болады — және көбіне бұл өтіріктердің артында адамдардың тағдыры мен орасан зиян тұр», — деді Қасенов.

Ол сондай-ақ Астана қаласы бойынша Журналистер одағы филиалы Павлов ісін өз бақылауына алғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлов министр Сапаровты сүт өндірісі жөніндегі әдейі жалған ақпарат үшін жауапқа тарту туралы арыз жазған болатын. Оған дейін журналист Ауыл шаруашылығы министрлігінің шегіртке тақырыбына арналған жарияланымына байланысты арызы негізінде айыппұл төлеген еді.

Фото: Facebook.com/@Кирилл Павлов