Шенеунік мектеп директорларынан “тексеріс келеді“ деп ақша жинаған

Арман Қайыпхан

  • 02.12.2024

Ақтөбе облысының Шалқар аудандық соты лауазымдық өкілетін асыра пайдалану ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық іс сотқа түспей тұрып, прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған.

"Сотталушы Ж. мемлекеттік функцияларды орындауға бөлім басшысы лауазымында бола тұра, мектеп директоры А-ға телефон арқылы барлық мектеп директорынан тексеріске ақша жинап беру керегін айтқан. Нәтижесінде жиналған 18 500 000 ақша қаражатын иемденіп алып, өз қажетіне жұмсаған", - делінген хабарламада.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толық мойындады. 

"Сот үкімімен сотталушыны Ж. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы мен пробациялық бақылау тағайындалды" - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: depositphotos.com

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды