457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркістан облысы әкімдігі малдың қырылу дерегіне байланысты пікір білдірді

Малдың жаппай қырылып жатқаны және жергілікті биліктің көмек көрсетуден бас тартқаны туралы БАҚ құралдарында тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды,-деп мәлімдейді Түркістан облыстық әкімдігі. 

 Түркістан облысында қуаңшылық пен шегірткенің шабуылына байланысты малдың қырылу деректері тіркелген жоқ. Бүгінгі таңда жем-шөп базасына қатысты жағдай толық бақылауда.

 Қуаңшылыққа қатысты мәліметтер де бұрмаланған. Маусым айының басындағы аномальды ыстыққа қарамастан, егіс алқаптарының басым бөлігінде, әсіресе тамшылатып және жерасты суару жүйелері енгізілген аймақтарда, ылғал қоры жеткілікті деңгейде сақталған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесе отырып, жергілікті атқарушы органдар суару көздерін әртараптандыру және мал азығын алдын ала дайындау бойынша шаралар қабылдады.

 Шегірткеге қатысты жағдай бойынша: республикалық өңдеу жоспары аясында Түркістан облысында 700 мың гектардан астам аумақ өңделді. Зиянкестерге қарсы мониторинг және күрес жұмыстары жалғасуда. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «жаппай шегіртке шабуылы» туралы видеоматериалдар шынайы жағдайды көрсетпейді және көбіне басқа өңірлерде немесе шет елдерде түсірілген.

 Жергілікті билік өкілдері фермерлермен үнемі байланыста. Әрбір нақты өтініш бойынша жергілікті жерге барып, жағдай зерделенеді, қажеттілік туындаған жағдайда көмек көрсетіледі – баламалы жайылымдар ұсыну, шөпті белгіленген бағамен сататын орындар ұйымдастыру, логистикалық қолдау көрсету және тағы басқа шаралар жүзеге асырылуда.

 Расталмаған ақпарат тарату – өңірдің беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, әлеуметтік тұрақсыздық туындатады. Ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген мәліметтерге сүйенуге шақырамыз.

Фото: Президенттің Баспасөз қызметі