457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Кәсіпкер әділдік іздеп жүр

IMAGE: ©janabastau.kz

janabastau.kz басылымы кәсіпкер Нұриса Әлімбектің алаяққа алданып, енді ақшасын қайтара алмай жүргені туралы жазған.

Басылымның жазуынша, алаяққа 23 млн 890 мың теңге аударып жіберген бизнесменнің шағымы құқық қорғау органдарынан аса алмаған.

Оқиғаның мән-жайы. Кәсіпкер Нұриса Әлімбек Ақмола облысындағы «Болашақ Агро 19» ЖШС-нен зығыр тұқымын сатып алуға заңдық күші бар келісімшарт жасасқан. Құжатқа заң талабы бойынша екі жақтың да қолы қойылады.

Бұдан әрі қарай,алданған кәсіпкер мынадай оқиғаларды баяндапты:

- «Болашақ Агро 19» ЖШС ҚҚС-пен жұмыс істейтін өндіруші мекеме ретінде таныстырылған. Яғни өнімнің тікелей иесі ретінде көрсетіліп отыр. Ал кейін белгілі болғаны, өнім тұрған қамба да, шаруашылық алаңы да, 200 тонна зығыр тұқымы да мүлде басқа мекеме – «РЕАБВи» ЖШС-не тиесілі екен.

- кәсіпкер өнімді көруге барғанда, «РЕАБВи» ЖШС басшыларын «жай ғана қамбадағы жұмысшылар» деп таныстырған.

- «РЕАБВи» ЖШС мен «Болашақ Агро 19» ЖШС арасында келісімшарт болған. Сол құжат бойынша «Болашақ Агро 19» ЖШС зығыр тұқымының әр келісін 230 теңгеден сатып алған. Бірақ сол өнімді серіктестік ЖК «Әлімбек Нұрисаға» 185 теңгеден сатуға тиіс еді.

Осы және қаржы аударымдарына қатысты басқа да дәйектермен құқық қорғау органдарына шағымданған Нұриса Әлімбек сот шешімін әділетсіз деп есептейтінін жеткізген. Оның айтуынша, ақшасын қайтару үшін Зеренді аудандық полициясына арыз жазып, соның негізінде сотқа дейінгі тергеу ісі басталған. Бұл іс бойынша прокурор Байжанов қаулы шығарып, істі ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы («Қылмыс құрамының болмауы») негізінде тоқтатып тастаған. Кейін бұл шешімді Ақмола облысының прокуратурасы да бекіткен. Ал Бас прокуратура шағымды қараудан да бас тартқан.

Оқиғаның мән жайы мақалада толық келтірілген.