Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурыздағы мереке күндеріне арналған  ХҚКО-ның жұмыс кестесі

Сұқбат
Наурыздағы мереке күндеріне арналған  ХҚКО-ның жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорация 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды. Десек те, 9 наурыз, яғни сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамын тойлауға байланысты ХҚКО-лар және мамандандырылған орталықтар 21-25 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Кезекші орталықтар өз кезегінде 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсететін болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.
Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпарат – 1414.

 

Фото: ашық дереккөзден 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу