Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Сұқбат
Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігін жариялады. Бағдарлама бойынша бүгін - Жаңару күні.

Осыған орай еліміздің барлық өңірінде көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.

Ал Астанада сағат 19:00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық құндылықтарды дамытуға және танымал етуге елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін марапаттауға арналған «Наурыз Ұлттық сыйлығы» өтеді. Сол сияқты Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Қанат Жүністің «Алаш жолы» драмасы қойылады.

Сондай-ақ, Алматыдағы барлық аудан, ЖОО мен мектепте ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. Ал емханаларда халық профилактикалық тексеруден өте алады.

 

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу