457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды. Бұл – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатында қолға алынған бастама,-деп хабарлайды Malim.kz. 


Салтанатты іс-шараға VIII Съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларысъезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты.

Хатшылық басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіре келіп, Бейбітшілік және келісім саябағының негізін 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар қалағанын айтты. Аталған іс-шараға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб қатысқан болатын. Осы аралықтасаябақ Қазақстандағы түрлі конфессиялар арасындағы достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды.

Съезге қатысушылардың ізгі бастамасының нәтижесінде Есіл өзенінің жағалауындажаңа саябақ бой көтерді. Бұл – бірліктің, өзара сенімнің және бейбітшілік пен келісімнің жарқын символы. Барлық халықтың дәстүріндетал өміршеңдікті, өсуді және өркендеуді білдіреді. Сондықтан бұл саябақты сенім мен этносқа қарамастан кемел келешеккеортақ ұмтылысымыздыңбелгісі деп қабылдаймыз. Қазақстан астанасының ортасында орналасқан Бейбітшілік және келісім саябағы діндер мен мәдениеттер арасындағы рухани көпірболады деп сенеміз. Мұндай қадамқазіргідей күрделі кезеңдеайрықша маңызға ие, – деп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы саябақтың ашылуына өз үлесін қосқан барлық қатысушымен ниеттестерге алғыс білдірді.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Қазақстан түрлі ұлт, мәдениет және дін өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп жатқан бірегей ел екенін атап өтті.Бұл этносына және дініне қарамастан баршаға ашықтық, сенім, төзімділік, құрмет сияқты құндылықтардың нақты көрінісі екені анық. Бейбітшілік пен келісім саябағының дәл ортасындағы«Өмір ағашы» монументі де осы рухани ұстанымдыбейнелейді. Үш жыл бұрын мұнда делегаттар 60-тан астам тал отырғызған еді. Монументтің ортасына күмбез үлгісінде емен ағашы отырғызылып, субұрқақ орнатылғанын да атап өткен жөн.

Жоба авторларының айтуынша,су мен тамыры тарих тереңіне бойлаған өмір ағашы Жердегі мәңгілік тіршілікті және оның құндылығын дәріптейді. Сол арқылы аталған инсталляция, сенімі мен нанымына қарамастан, планетадағы барлық адамды келісімге, бейбітшілік пен достыққа шақырады. Күмбез бір аспан астындағы бейбітшілікті, ал, 4 жағындағыкіреберіс дүниенің төрт бұрышы: Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығысты білдіреді. Күмбездің қабырғаларында дүниеніңжаратылысы, Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиғалар жәнеежелгі суреттер – петроглифтербейнеленген.

Саябақтың ашылуына қатысқан VIII Съезд делегаттары«Бала бояуындағы әлем» атты сурет көрмесін тамашалады. Онда республикалық жас суретшілер байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерініңқылқаламынан туған үздік 20 картина қойылғанкөпшілік назарына ұсынылған. Аталғанэкспозициялар жас буынның шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беріп, жарқын және үйлесімді болашаққа деген сенімді нығайтуға өз үлесін қоспақ.

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі