457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Астана көшесінде жеңіл автокөлік пен жедел жәрдем көлігі соқтығысып, апат салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тұран және Ұлы дала даңғылының қиылысында «Hyundai» маркалы жеңіл автокөлік пен жедел жәрдем көлігі соғысты. Қақтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды,- делінген хабарламада.

Ресми ақпаратта айтылғандай, жол апатынан екі адам зардап шекті, алайда олар дәрігерлер тексерген соң үйлеріне жіберілді.

Аталған факті бойынша тексеру амалдары басталды, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр, - дейді ведомстводан.

Фото: https://t.me/baigenews_kz/38331