Астанада самокат мінген жігітті көлік басып кетті

Астанада «Хан Шатыр» маңында самокат мінген жігітті көлік астына түсті, деп хабарлайды Malim.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Видеоға назар аударсақ, Hyundai Palisade бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан самокаттағы ер адамды байқамаған.
Қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі Халифа бен Заид әл-Нахаян көшесімен қозғалып келе жатып, Е308 көшесімен қиылысында оңға бұрылған кезде, жолды белгіленген жерден оңнан солға қарай қиып өтпек болған электрсамокат жүргізушісін қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде», – делінген сайт тілшісіне берген пікірінде.
Фото: видеодан скрин

Ең көп оқылған
