457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Байбектің мұрасы – «автобустар зираты» металл сынығы ретінде сатылымға қойылды

Байбектен "мұраға" қалған 573 автобус жарамсыз деп бағаланып, 93,3 миллион теңгеден астам сомаға аукционға шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz KazTAG-ке сілтеме жасап.


Нысан сипаттамасы: Сынық ретінде бағаланған 573 көлік құралы. Орналасқан жері – Алматы облысы. Сатылатын мүлік тізімі қоса берілген. Аукцион жеңімпазы болып танылған қатысушы сатып алынған мүлікті 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей әкетуге тиіс. Қажет болған жағдайда көліктерді сыныққа дейін бөлшектеу Сатушының сақтау аумағынан тыс жерде, аукцион жеңімпазымен өз бетінше жүргізіледі. Сатып алынған жылы: 2010; Пайдалануға жарамдылығы туралы мәлімет: Пайдалануға жарамсыз; Мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі, Қайназар ауылы; Бағалаушы: «МКФ «Russell Bedford A+ Partners» ЖШС; Бағалау құны: 93 314 747 теңге; Бағалау күні: 12.02.2025, – делінген Электронды сауда алаңы сайтында.

Бастапқы баға – 93 314 747 теңге, кепілдік жарна 13,9 миллион теңгеден асты. Аукцион 3 маусымда басталып, материал жарияланған сәтте аяқталған. Сату бағасы – 160 332 109 теңге.

Инвентарлық тізімде автобустардың 2018 жылы сатып алынғаны көрсетілген.

2022 жылғы 4 қыркүйекте KazTAG «Алматыэлектротранс» ЖШС мемлекеттік келісімшарттар бойынша Айдын мен Гаухар Омаровтарға жүздеген миллион теңгені бір көзден сатып алу тәсілімен төлегенін хабарлаған. Бұл жағдай бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек қызмет атқарған кезде орын алған, және ол атышулы «автобустар зиратымен» байланысты делінеді.

Аталған "автобустар зиратын" 2025 жылға дейін жоюға уәде етілген болатын. Алайда 6 ақпанда Алматы маңынан тағы бір «автобустар моласы» табылды.

2022 жылғы 9 маусымда KazTAG Бауыржан Байбектің Түркияда жүргенін хабарлаған. KazTAG дереккөзіне сәйкес, ол Қазақстаннан кетерде Дубайға қайтар билетпен ұшқан, алайда 14 күннен кейін оралу мерзімі өтіп кеткен. 2022 жылғы 24 қыркүйекте Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабар тарады. 2023 жылғы 11 қаңтарда оны Германияның Любек қаласында көрген. 2023 жылғы 14 қазанда Президент Тоқаев Байбектің бұрынғы жары – Жанар Байбекті Астана сотынан жұмыстан босатқан. Жақында Байбек Жапониядан көрінген.

2025 жылғы 11 мамырда Бауыржан Байбектің кланы Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) қылмыстық схемаларына белсенді қатысушы болғаны белгілі болды.

Байбек Алматы қаласының әкімі қызметін 2015 жылғы тамыздан 2019 жылғы маусымға дейін атқарған.

Фото: КазТАГ