457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Геологиялық кәсіпорынның бұрынғы басшысы 86 млн жымқырды деп айыпталды

2025 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «Волковгеология» акционерлік қоғамына қатысты тергеу ісінің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚМА Алматы облысы департаментінің дерегінше, кәсіпорынның бұрынғы басқарма төрағасы Д.Н. Молдаши екі жыл бойы жалған актілер арқылы бюджет қаржысын жымқыру схемасын ұйымдастырған. Құжаттарда «Казбурмаш СК» ЖШС-нен қосалқы бөлшектер жеткізілгені көрсетілгенімен, іс жүзінде ол тауарлар келмеген. Осылайша, контрагентке 86 млн теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл қаржы кейін күдіктілердің жеке пайдасына жаратылған. Тергеу барысында келтірілген залал толық өтелді.

Аталған қылмыстық іс сотқа жолданды, – делінген ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін осы факті бойынша «Волковгеология» филиалының директоры А.М. Борашев, «Казбурмаш СК» ЖШС басшысы Е.С. Алипбаев және бухгалтер Г.Ж. Токатаева 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. 

Фото: Malim.kz


 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған

Жолдау-2025. Толық мәтіні
Политика
|
08.09.2025 12:00
2025-09-08 12:00:00
Жолдау-2025 (live). Осы жерден көріңіз
Политика
|
08.09.2025 10:59
2025-09-08 10:59:00
Бүгін Тоқаев Жолдау жасайды
Политика
|
08.09.2025 08:43
2025-09-08 08:43:00
Трамп: Ресей мен Үндістан Қытайға өтіп кетті
Политика
|
05.09.2025 19:53
2025-09-05 19:53:00