Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Корея билігінің алдын ала мәліметтері бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деді ол.
Айта кетейік, Муан қаласындағы әуежайда 181 жолаушысы бар жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып, қоршау қабырғасымен соқтығысып, жарылып, өртеніп кетті. Қаза тапқандар жайлы расталған ақпарат әуелде 62, кейін 85 адам болған. Қазір басқа әлемдік ақпарат құралдары олардың саны 179 адамға жеткенін жазып жатыр.
Фото: Yonhap