Шығыс Қазақстанда тағы да жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында 28 тамызда сағат 7:54-те жер сілкінді.
Нақты айтқанда, Күршімнен оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде тіркелді.
Магнитудасы – 4,5.
Айта кетейік, 23 шілде күні сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жер сілкінген болатын.
ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС дерегінше, сол кезде Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында 4 балл, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 4 балл, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылында 4 балл, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінда 4 балл, Өскемен қаласында 4 балл жерасты дүмпулері тіркелген.
Фото: Анадолы

Ең көп оқылған
