457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жол апаты. Анасы мен баласы көз жұмды

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Темір ауданы аумағында болды

Ақтөбе-Атырау тасжолында жол апаты болып, жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында анасы мен баласы қаза тапқан. 

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Темір ауданы аумағында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан 31 жастағы әйел мен 3 жасар баласы көз жұмды. Ал жүргізуші мен 10 айлық баласы ауруханаға жеткізіледі.

Жол-көлік оқиғасынан соң Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жол-көлік апатынан ауруханаға түскен жүргізуші үйіне шықты. Ал бала қазір көпсалалы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

10 айлық қыз бала қазір ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Фото: pixabay.com