457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алматыда полицей гүл сатып отырған әжейдің заттарын жинап алып кетті

Алматыда полиция қызметкері гүл сатып, күнін әрең көріп, нәпақасын тауыр отырған әжейдің заттарын жинап алып кетті, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Видеоға назар аударсақ, полиция қызметкерінің қолына телефон ұстап, әй-шәйға қарамай қария кісінің заттарын жинап, қызметтік көлігінің жүк салғыш бөлігіне салып жатқанын көруге болады.

Осы орайда Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді:

«Бейнежазбада тіркелген полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі лауазымды тұлғаға қатаң тәртіптік жаза қолданылатын болады. Аталған аймақта бейберекет сауда жасау деректері бірнеше рет тіркелгенін атап өтеміз. Заңсыз саудамен айналысқан барлық азаматқа, оның ішінде осы әйелге де, бірнеше рет заң талаптары түсіндіріліп, ескерту жасалған. Полиция барлық азамат заңды сақтауға міндетті екенін ескертеді. Сонымен қатар, заңның орындалуын қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері өз өкілеттіктерінің аясында ғана әрекет етуі тиіс», – дейді қалалық ПД агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.

Фото: видеодан кадр