Абай есімді 10 әйел бар. Ақын атын алған адамдар саны қанша?

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрса, оның басым бөлігі ел астанасынан екені анықталды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Биыл Қазақстанда ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай, ұлттық статистика бюросы оның есімімен байланысты қызықты статистикалық деректерді жариялады.
— Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719) тұрады. Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген, — делінген хабарламада.
Бұл есім ең көп таралған жас тобы — 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны — 3 228 адам.
Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген.
Бұл есім қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген.
Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам.
Ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген екен.
Фото: pixabay.com

Ең көп оқылған
