«Абайға құрмет» атты республикалық акция қолға алынды

Облыс көлемінде мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, ел көлемінде «Абайға құрмет» атты республикалық акция қолға алынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов баяндады.
Мемлекет басшысының «Абайға құрмет» бастамасы негізінде облыс орталығында тың жобалар іске асуда. Сонымен қатар, облыс әкімінің «Туған жерге туыңды тік» атты бастамасы аясында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңірімізде мерейтойға арналған іс-шаралар 10 күндігі ұйымдастырылады. Бұл тойға келетін алыс-жақыннан қадірлі қонақтар мен туристерге ұлы тұлғаға лайық деңгейде әсер қалдыру – басты міндетіміз,- деп атап өтті аудан әкімі.
Аймақ басшысының тікелей қолдау білдіруімен ауданда инфрақұрылым яғни, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, нысандарға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлінген.
- Ауданға келуші қонақтар мен туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында арнайы стендтер орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аудан орталығы – Қарауыл ауылына кіретін негізгі үш бағытқа және ауыл ішіндегі аялдамаларға заманауи ақпараттық стендтер орнатылып, әрбіреуіне QR-кодтар қойылады. QR-код арқылы кез келген келуші Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында өтетін іс-шаралар туралы толық ақпаратпен таныса алады, - деді спикер.

Ең көп оқылған
