457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алакөлге бара жатқан жолаушылар 6 сағат вагонда қамалып отырды

Халық наразылық білдірген

Алакөлге бара жатқан туристерді пойыз вагонына алты сағат қамап қойған. Өйткені жолаушылар пойызы жүк пойызының өтіп кеткенін күтіп тұрған, деп хабарлайды  Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеп.  

Алакөлге бара жатқан жүздеген жолаушы 6 сағат бойы ми кептіретін қапырық вагонның ішінде қамалып отыр дейді. ҚТЖ жүк пойыздарын алдымен өткізетін жүйе жасап қойған деседі. Туристік маусымда осы жүйеге өзгеріс жасауға болады ғой. Ақтоғайдың тұсы ылғи осы. Пойыздың ішінде тұншығып отырған жұртқа жаның ашиды.Біздің халықтың табиғаты жалпы төзімді ғой. Ауыз су жоқ, желдеткіш құрал жоқ. Не тысқа шығармайды. Халыққа бір жұтым су ұсынуға жарамаған ҚТЖ-ға да бәрібір секілді. Алакөлге баратын қауымға бір кулер, қайтатын қауымға бір кулер деп шақтап қойыпты. Ең құрығанда «неғып тұрмыз?» деген жолаушыларға жарытып жауап беруге де жарамаған ғой.Өткенде «Алакөлге қырғын турист тасимыз» деп қоппаланып отыр еді. Ұят болды ғой, - деп жазды журналист Думан Бықай.

Вагон ішіндегі жолаушылар да ашу-ызаға булыққан. 

Мынау, масқара ғой. Алты сағаттан бері күтіп отырмыз. Бала-шағамен өте қиын. Тамағымыз да бітті,  - деп күйінді олар. 

Фото:  видеодан скрин