Бектенов пен ЕО дипмиссияларының басшылары логистикалық ынтымақтастықты талқылады

Арман Қайыпхан

  • 10.07.2024

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігінің елшісі Кестутис Янкаускас пен ЕО елдерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының 15-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретінде Еуропалық Одақтың үлесіне тартылған инвестицияның 40%-дан астамы және сыртқы сауданың шамамен 30%-ы тиесілі. Диалог платформасының отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, көлік және логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) аса перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту жоспары талқыланды.

Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік хаб ретінде саналатын Қазақстан арқылы тауарлардың 85%-ға жуығы Қытайдан ЕО елдеріне тасымалданады. ТХКБ сауда ағыны үшін барынша ыңғайлы жағдай жасай отырып, бәсекеге аса қабілетті жеткізу мерзімін (12-15 күн) ұсынады.

Кездесуге қатысушылар Орта дәліздің әлеуетін арттыруға қызығушылығын білдірді. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында «Middle Corridor Multimodal» бірлескен кәсіпорны құрылды. Көлік саласына инвестиция тартудың жаңа перспективаларын ашатын «Global Gateway» еуропалық бастамасының маңызды рөлі де атап өтілді.

«ЕО – Қазақстанның ірі әрі аса маңызды инвестициялық және сауда серіктесі. Біз барлық басым бағыттар бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеміз. Үкімет елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлестеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жоғары бағалайды. Біз өзара тиімді серіктестікті арттыруға бағытталған ұсыныстарды әрқашан да қолдаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас пен Румынияның ҚР-дағы елшісі Мадалина Лупу өз кезегінде Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Сондай-ақ дипломатиялық миссия басшылары ел экономикасының еуропалық бизнес үшін тұрақтылығы мен тартымдылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығара отырып, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту ниетін растады.

Анықтама: ҚР-ның ЕО елдерімен тауар айналымы 2019-2023 жылдары 36,2%-ға өсіп, $41,4 млрд құрады. Экспорт 5 жылда $24,2 млрд-тан $31 млрд-қа дейін 28,2%-ға өсті. Импорт 67,6%-ға өсті және 2023 жылы $10,4 млрд-ты құрады. 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында $19,9 млрд құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық. Өткен жылы ЕО елдері республика экономикасына $10,4 млрд, 2024 жылдың І тоқсанында $2,8 млрд құйды. Негізгі үлесі Нидерланды, Бельгия, Франция, Германия, Италия, Кипр және Люксембургке тиесілі.

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды