Экотуризмге жаңа серпін: Катонқарағай ауданында демалыс орталығы ашылады

Ауыл туризмін дамыту – еліміздің экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте, "AMANAT" партиясының "Ауыл Аманаты" бағдарламасының шапағатын көріп, туған ауылында кәсіп бастаған азаматтардың саны артып келеді. Солардың бірі – Катонқарағай ауданының тұрғыны Тунгат Игманов.
"Ауыл Аманаты – менің арманымның бастауы болды. Осы бағдарлама арқылы 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 9,2 миллион теңге көлемінде несие алып, туған өлкемде кәсіп бастауға шешім қабылдадым. Қазір шағын демалыс үйінің негізгі құрылысы аяқталып, алғашқы қонақтарды 25 мамыр күні қабылдауға дайындалып жатырмыз", – дейді кәсіпкер.
Катонқарағайдың көркем табиғатында салынған бұл қонақүйде:
• Жайлы әрі заманауи бөлмелер,
• Жылыту жүйесімен жабдықталған монша,
• Қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника,
• Ең бастысы – табиғи тыныштық пен саф ауа бар.
Қонақтарға ұсынылатын қызметтер:
• Атпен серуендеу – табиғат аясында,
• Фитобочка – шөп буымен денені тазарту,
• Массаж – кәсіби терапевттен,
• Фитотерапия – табиғи шөптер арқылы ем,
• Банное парение – бу мен емдік шөп қоспасымен монша рәсімі.
Демалыс орны аумағында киіз үй тігіліп, онда:
• Қымыз ұсынылады,
• Ұлттық тағамдар әзірленеді,
• Қонақтар қазақтың дәстүрімен танысып, ұлттық нақыштағы қызметке куә бола алады.
"Катонқарағайдың сұлу табиғатын елге кеңінен танытқым келеді. Қонақтар демалып қана қоймай, қазақтың дәстүрі мен тағамдарынан ләззат алып, ауыл туризмінің әлеуетін сезінуі тиіс. Бұл – менің бала кезгі арманым еді. Қазір оны жүзеге асырып жатырмын. Ауылда отырып-ақ кәсіп ашуға, туған жердің дамуына үлес қосуға болады", – дейді кәсіпкер Тунғат Игманов.
Фото: ШҚО әкімдігі

Самое читаемое
