Көкшетау тауында аяғын жарақаттаған жасөспірім құтқарылды

Көкшетауда аяғын жарақаттап алған ер адамға шұғыл көмек көрсетілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақмола облысының Бурабай ауданында ТЖД жедел-құтқару жасағы Көкшетау тауындағы Абылай хан алаңы маңында жарақат алған жасөспірімді құтқарды.
2009 жылы туған бала тауда серуендеп жүріп аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмаған. Оқиға орнына төрт құтқарушыдан құралған топ шұғыл жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін жасөспірім таудан түсіріліп, жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.
ТЖМ тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Фото: видеодан скрин


Ең көп оқылған
