Лифт ішінде қалып қойған балалар құтқарылды

Қостанай облысында лифт ішінде қалып қойған балалар құтқарылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Рудный қаласында лифт ішінде екі бала қалып қойған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2012 және 2016 жылы туған балалар тұрғын үйдің лифт кабинасында өз бетімен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдар арқылы лифт есігін ашып, балаларды шығарып алды. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі лифт ішінде қалып қойған жағдайда келесі ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді: сабыр сақтап, жанындағы адамдарды тыныштандыру; диспетчерге дереу хабарласу; лифт түймелерінің барлығын қатарынан баспау; есікті өз бетіңізбен ашуға тырыспау; байланыс құралдарын (ұялы телефон, дабыл түймесі) пайдалану.
Ведомство тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Фото: видеодан скрин


Ең көп оқылған
