«Мен сайқымазақ емеспін». Әкім кеңесшісі болып тағайындалған Қоянбаев мәлімдеме жасады

Ол жаңа қызметін тегін атқаратынын еске салды.

Сабина Асқарқызы

  • 03.07.2024

Танымал продюсер, әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қоянбаев неліктен көпшілік алдында ақталуы керектігін түсінбейді. Ол өз сөзінде туған жерін, бүгінге жету үшін қандай жолды жүріп өткенін еске салды. Қызылорданың Шиелі ауданында туып-өсіп, қазақтың әзілін Мәскеуге жеткізгенін, тәжірибе жинақтау арқылы кино саласына бет бұрғанын айтты.

300 милиондық аудиториясы бар, Мәскеу қаласында өтетін ең ірі жастардың ойынында қазақтың әзілін төрге шығарған команданың капитаны болдым. Телеарна саласында бағдарламамыз 9,3 рейтингімен рекордтық нәтиже көрсетті. Оны телеарна саласында қызмет атқаратындар телевизия тарихындағы ең жоғары рейтингтерінің бірі екенін айтып бере алады.

Кино саласына келіп, ол саланың маманы болмасам да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай жұмыс істеуге болатынын көрсеттік. Бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, соңғы кездері жылына 120-ға жуық отандық фильм түсіріліп жүр. Яғни жыл сайын Голливудқа кететін 100 млн долларға жуық ақша елімізде қалып жатыр. Ол дегеніміз – 4-5 жылда 500 млн доллар! Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді, - деді Қоянбаев.

Ол өңірлерді дамыту туралы ойларын түрлі облыс әкімдеріне ұсынғанын, солардың ішінде тек Түркістан облысы қолдағанын тілге тиек етті. Бірақ бұл жұмысты тегін істеуге келісіп отырғанының өзін сынаған тілшілер қауымына реніші бар екенін жеткізді.

Байқағаным, біршама журналист мақалаларында «Сайқымазақ», «Клоун» деген сияқты сөздер қолдануда. Мен сайқымазақ емеспін, мен қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермейтін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлерінің бірімін!

Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпарат министрінің вице-министрі Кочетов Евгений деген азамат тағайындалғанда ешкім шулап, резонанс тудырмады. Мен де Кочетов Евгений сияқты еліме қызмет еткім келеді. Неге мен өз елімде, тіпті айлығы жоқ қызметке тағайындалғанда, ақталып жазба жариялауым керек?!

Негізі, негатив жазатындар көп емес. Айтқым келгені, елімізді дамытамыз десек, қазақтардың белсенділігі қажет. Әр жерде, әр салада, тіпті пікір жазуда да ұтылмайық! – деді ол.

Фото: instagram.com/koyanbayevnurlan

Байланысты жаналықтар

Динара Сәтжан Баян Алагөзова екеуінің достығында нені бағалайтынын айтты

07.11.2024

«Балбұл жайнап тұр». Баян Алагөзова кешкі уақытын қалай өткізетінін көрсетті

01.10.2024

Баян Алагөзова бір күндік образына қанша теңге жұмсайды?

09.09.2024

«Құдай әркімнің жүрегінде». Баян Алагөзова танымал әншіге ескерту жасады

23.08.2024

Баян Алагөзова төртінші қызымен перзентханадан шықты

20.08.2024

Нұрлан Қоянбаев өзіне көмектескен сатушыдан 2 тонна қарбыз сатып алды

19.08.2024
MalimBlocks
Динара Сәтжан Баян Алагөзова екеуінің достығында нені бағалайтынын айтты

Екеуінің достығына 21 жыл болыпты.

«Балбұл жайнап тұр». Баян Алагөзова кешкі уақытын қалай өткізетінін көрсетті

Продюсер қызын қалай ұйықтататынын көрсетті.

Баян Алагөзова бір күндік образына қанша теңге жұмсайды?

Киімдерінің орташа бағасы 900 мың теңге тұрады

«Құдай әркімнің жүрегінде». Баян Алагөзова танымал әншіге ескерту жасады

Ол Меккеден келіп, мас күйде жүретіндер туралы сөз қозғады.

Баян Алагөзова төртінші қызымен перзентханадан шықты

Бұған дейін Алагөзова төртінші қызы дүниеге келгенін хабарлаған.

Нұрлан Қоянбаев өзіне көмектескен сатушыдан 2 тонна қарбыз сатып алды

Бұл екеуінің екінші рет кездесуі.