Өскеменде полицейлер өзенге секіріп кеткен қызды құтқарып қалды

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері суицидке бармақ болған қызды дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.
“102” арнасына белгісіз қыз қоңырау шалып, Ертіс өзеніне секіруге ниетті екенін айтқан. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді.
Полицейлер келген уақытта қыз суға секіріп үлгерген. Құқық қорғаушылар дереу әрекет етіп, қызды судан алып шығып, жағаға жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдемге тапсырылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Фото: polisia.kz

Ең көп оқылған
