457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағандыда ер адам 9-қабаттан секірмек болған

Қарағандыда полицейлер 9-қабаттағы балконнан секірмек болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 5 маусым күні Тәттімбет көшесінде болған. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында 39 жастағы азамат құтқарылды. Көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы балконның сыртында арқанға ілініп тұрған ер адамды көрген куәгерлер бірден құтқару қызметтеріне хабар берген. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, шұғыл әрекетке көшкен.

Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен батылдығы үлкен қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазіргі таңда құтқарылған азамат медициналық бақылауда.

Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетуде.

Фото: видеодан скрин