Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 13 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, ал батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде – тұман түседі. Шығыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының тауды аймақтарында түнгі уақытта аяз болуы ықтимал.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстанның солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысы мен батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі, солтүстігі мен шығысында, Жамбылдың орталығында, Алматының батысында, Қостанай мен Ақмоланың оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, сондай-ақ Жетісу мен Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Қызылорда облысында, Түркістанның батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен шөлді аймақтарында, Атыраудың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Жамбылдың батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстанның солтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің батысы мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі күтіледі.
Фото: freepik.com