457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚМДБ қажылыққа қызмет көрсететін турфирмаларға жаңа талап қойды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылы қазақстандықтарды қажылық пен кіші қажылыққа апаратын туристік операторларды анықтау үшін конкурс жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мүфтияттың мәлімдеуінше, конкурс адал әрі әділ бәсекелестік орнатып, қажыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде өтетін байқауға тәжірибелі компаниялар қатыса алады.

Қойылатын талаптар қатарында:

ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;

Туроператорлық қызметке мемлекеттік лицензия мен заңнамаға сәйкес қосымшасының болуы;

Салық органдарында тіркелгенін және төлемдердің жасалғанын растайтын құжаттар ұсыну;

Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда кемінде 5 жылдық тәжірибесін дәлелдеу;

ҚР заңдарын және Сауд Арабиясы тарапынан қойылған талаптарды бұзбау;

Қазақстан аумағында халыққа қызмет көрсете алатын кеңсенің болуы.

Құжаттар 2025 жылғы 18–31 тамыз аралығында hajj@muftyat.kz поштасына қабылданады. Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған өтініштер қаралмайды.

Фото: ҚМДБ