457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қызылорда тұрғыны тікұшақпен шұғыл ауруханаға жеткізілді

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары шұғыл жағдайда көмекке келді, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» әуе кемесі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам елді мекенінің 1989 жылы туған тұрғынын шұғыл түрде тасымалдады.

Ұшу әуе кемесінің командирі Баймұса Өркен мен екінші ұшқыш Ахметов Расулбектің басшылығымен жүзеге асырылды. Тікұшаққа жетекші инженер Ерсұлтан Зекеев пен авиатехник Асхат Жұмабеков дайындық жүргізді.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында науқас дер кезінде Қызылорда қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Фото: ТЖМ