457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкентте мәслихаттың экс-депутатына іздеу жарияланды

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында 48 жастағы Қуаныш Дәулетәлиевті іздеу туралы ақпарат шықты. 


Qamqor.gov.kz деректеріне сәйкес, Қуаныш Дәулетәлиевке қатысты іздеу ісі 2 қыркүйекте Шымкентте тіркелген.

Оны Тұран ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр. Іздестіруді бастаған — сот. Карточкада оның жеке деректері, соның ішінде туған күні мен азаматтығы, сондай-ақ іздеумен айналысатын органның байланыс телефоны көрсетілген.

Шымкент қаласы мәслихатының ресми сайтында Дәулетәлиев туралы өмірбаяндық анықтама берілген.

Ол Шымкент қаласында дүниеге келген, № 66 мектепті бітірген. 2014 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеттің заң факультетін тәмамдап, заңгер біліктілігін алған.

Еңбек жолы:

— 2000–2009 жылдары — жеке кәсіпкер;

— 2009–2015 жылдары — «Сенім-Құрылыс» ЖШС-нің коммерциялық істер жөніндегі директордың орынбасары;

— 2015 жылдан бастап — «БОИНИС КС» ЖШС директорының орынбасары;

— мәслихаттағы «Ауыл» партиясының депутаттық фракциясын басқарған.

Шымкент қалалық сотының ақпаратына сүйенсек, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайына қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында болғандықтан, барлық мәселе бойынша тергеу органдарына немесе прокуратураға жүгінуді сұраймыз, — делінген соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: gov.kz