457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкент әкімдігі Берденовтің қызметтен кеткенін жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен босатылды деген ақпарат тарады. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресми дерекке сүйенсек, Берденов әлі де өз қызметін атқарып отыр. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап, еңбек демалысында.

Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанынан бері әкім орынбасары болып келе жатқан Руслан Берденовке биыл 21 сәуірде қастандық жасалған еді. Оған оқ атылып, жарақат алған шенеунік ауруханаға жеткізілген.

Кейін бұл іс бойынша сот процесі өтіп, қылмысқа әкімдікке қарасты серіктестіктің қызметкері кінәлі деп танылды.

Фото: facebook.com/ruslan.berdenov