Тасқыннан қауіпсіз жерге көшірілгендер саны 100 мыңға жақындады

Уақытша орналасу пункттеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты.

Malim Админ

  • 12.04.2024

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш тасқынмен күреске тартылған әуе кемелерінің саны 17-ге жеткенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтері 99 869 адамды, оның ішінде 36 591 баланы қауіпсіз жерлерге жеткіді. Уақытша орналасу пункттеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты. 9 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 34 272 адам, 4 мың техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзінше, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жер үй, 563 аула мен 1 778 саяжай үйі су астында қалып отыр. 3 052 үй мен 1 935 ауладан су бұрылған.

Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 34 төтенше жағдай режимі әрекет етеді. Министрлік азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады, - деді ол.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

05.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді