Тойып тамақ ішу үшін қанша ақша керек? Депутат пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов мәжіліс отырысында «министрлер, депутаттар мен негізгі мемлекеттік органдардың басшылары ауысып жатыр, бірақ, өкінішке қарай, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі жақсарып жатқан жоқ», – деді, деп хабарлайды Malim.kz.
Біздің азық-түлік себетіміз халықаралық стандарттарға, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлі тамақтану ерекшеліктеріне сай келмейді. Еліміз дамыған мемлекеттермен теңесуі керек. Мәселен, Францияда ең төменгі тұтыну себетінде 500-ден астам тауар мен қызмет түрі қарастырылған, тіпті мейрамханаға бару да соған кіреді. Ал қазақстандықтар үшін бұл арман ғана», – деді депутат Рахымжанов.
Оның айтуынша, орташа қазақстандық отбасы ең төменгі азық-түлік себетін сатып алу үшін кем дегенде 70 мың теңге жұмсауы қажет. Осыған байланысты депутаттың есептеуінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі кем дегенде 115 710 теңге болуы керек.
«Министрлер, депутаттар мен негізгі мемлекеттік органдардың басшылары ауысып жатыр, алайда халықтың тұрмыс сапасы жақсармай тұр. Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша, 2015 жылы кедейлік деңгейі 2,7% болса, 2024 жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіш 5,1%-ға жетті. Ресми статистикаға келсек, шындыққа жақын болу үшін оны бірнеше есеге көбейту керек екенін бәрі біледі», – деді Рахымжанов.
Фото: exclusive.kz

Ең көп оқылған
