ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 27.03.2024

Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарындағы 145 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 412 адам эвакуацияланды, оның ішінде 134 бала. Оның 323-і Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады, 80-і Ақтөбе және Қостанай облыстарының тұрғындары туыстарында, 9-ы Түркістан облысының тұрғындары үйлеріне оралды.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 122 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап және 47 670 тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан 3000-нан астам адам, 1200-ге жуық бірлік техника, 400-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы, 2 әуе кемесі жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14. Өткен тәулікте 134 қоңырау түсті.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады