"Харам". Криптовалюта шариғатқа сай ма

Арман Қайыпхан

  • 31.03.2025

Криптовалюта – криптографиялық технологияға негізделген цифрлық ақшаның түрі. Криптовалютаның бірнеше түрі бар. Соның бірі биткоин. ҚМДБ осы биткоинға қатысты орайда пәтуа шығарған, деп хабарлайды Malim.kz.

Биткоин (Bitcoin, BTC) –тек қана дүниежүзілік желіде жүзеге асатын виртуальды валюта. Мүфтият жазғандай, қазір биткоин криптовалютасы шариғатқа қайшы келеді. Оған дәлел:

Шариғат бойынша қандай да бір ақша негізге алынуы үшін мемлекет тарапынан шығарылуы керек және оның кепілдігі мен қорғауында болуы шарт. Әбу Али Хасан әт-Тауси:

«Ғасырлар бойы ақшаны шығару құқығы патшадан өзгеге берілмеген»– десе, ибн Халдун оны былай түсіндіреді:

 «Ол – патшаның аса қажетті міндеттемелерінің бірі. Өйткені бұл арқылы адамдар өзара мәміле жасағанда ақшаның жасанды немесе жасанды еместігін ажыратады».

Ал биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржылық заңдармен қорғалмаған. Нақты активтері жоқ, орталықтандырылмаған виртуальды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсуі немесе түсуі мүмкін. Бұдан адамдар зиян шегеді. Сондықтан бұл валютамен шұғылдану адамның мал-дүниесін арам жолмен жеуге әрі оның құқықтарын жоюға алып барады.

Сауда-саттықтың дұрыс болуы үшін сатушы мен сатып алушысы және ақша мен тауар белгілі болуы шарт. Алайда биткоинда барлық жағынан белгісіздік бар. Өйткені ол шифрлау принциптеріне сүйенеді әрі іс барысында адамның деректері туралы ақпарат болмайды.

«Сауда-саттықта зиянға жол берілмейді. Биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсерін беріп, қоғамның тұрақсыздануына алып баруы мүмкін. Өйткені ол арқылы тыйым салынған сауданың таралуы, ақшаның жымқырылуы, деструктивті топтардың қаражат аударымдары орын алуы ықтимал. Ал зиянның алдын алу керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Осыған орай, биткоин криптавалютаны ақша деп негізге алатындай ешқандай ұлттық валюталардың сипаттары мен шарттары жоқ. Оған қоса бұл валютада (ғиш) алаяқтық, белгісіздік, мемлекет пен жеке тұлғаларға зиян тигізу қаупі бар. Сондықтан бұған тыйым салынады», - делінген пәтуада.

Мысыр елінің пәтуа комитеті және Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі биткоинға тыйым салған.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Электронды темекі харам емес - Мысырдың бұрынғы бас мүфтиі

05.05.2025

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады

28.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025

Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

02.04.2025

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

29.03.2025
MalimBlocks
Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Электронды темекі харам емес - Мысырдың бұрынғы бас мүфтиі

Салық қызметкерлері азаматтардың табыс тарихын зерттей бастады

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады

Құлпытасқа марқұмның суретін салмау керек пе?

Желіде уағыз айтып, діни білім беретіндер тексеріледі - ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әлеуметтік желіде уағыз айтып, діни үгіт-насихат жүргізетіндерді тексереді,