457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Жұмысқа орналастырамын»: Ақтөбеде блогер халықты 10 млн теңгеге алдаған

Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған жалған блогер қамауға алынды, – деп хабарлайды Malim.kz.

Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданды.

Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды. 

Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен. Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты. 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары осы азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен басқа да тұлғалардан Мұғалжар аудандық полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.

Фото: Polisia.kz

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған