Ақордаға еуропалық комиссар Йозеф Сикела келді

Сабина Асқарқызы

  • 13.03.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты.

Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді. Cеріктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды, – деді мемлекет басшысы.

Йозеф Сикела Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.

Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді, – деді еурокомиссар.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

08.05.2025

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

07.05.2025

Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

05.05.2025

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

27.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

Тоқаев әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады