Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады - Тоқаев

Сабина Асқарқызы

  • 14.03.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан  Ұлттық құрылтайдың IV отырысында 2025 жылы аудан әкімдері сайланатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр. Пилоттық жоба ретінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімі сайланды. Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады. Түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауы өкілді билік органдарының жұмысына тың серпін берді. Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90 пайызы бір мандатты округтен, яғни тікелей дауыс беру арқылы сайланды, - деді президент сөзінде.

Сондай-ақ билік жүйесінде мұндай ауқымды өзгеріс бұрын-соңды болмағанын атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды