«Мамайдың кешірім сұрағаны дұрыс!»

Malim Админ

  • 01.06.2021

Тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат МАМАЙ «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕКТЕН кешірім сұрауы тиіс! Бұндай пікірді белгілі журналист Зейін ӘЛІПБЕК білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz сайты.

Әлеуметтік желіде Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамай арасындағы сөз таласты мен де көрдім, оқыдым, жарияланып жатқан ақпараттарды ой елегінен өткіздім. «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының басшысы ретінде, жалпы бүкіл өмірін журналистикаға арнаған азамат ретінде пікір білдіргенді жөн санадым», – деп сөзін бастады З.Әліпбек.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қоғам белсендісі Жанболат Мамай мен әйелі Инга Иманбайды сотқа берді. Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Ташенованың  Facebook парақшасында жариялаған талап арызға қарағанда, Байбекте Мамай мен Иманбайды түрмеге қамап, соттатып жіберетін ой жоқ екен. Ол қылмыстық  және әкімшілік қудалаудан бас тартып, істі азаматтық қараумен шектеуді жөн көріпті.  Тіпті, Бауыржан  Байбек соттан ұтып шықса, Мамай мен Иманбайдан өтемақы да талап етпейді екен.

Ал Жанболат Мамай болса, Байбектен кешірім сұрамайтынын, қамаудан қорықпайтынын айтып отыр.

«Журналист деген кім?» риторикалық сұрағымен журналист зерделенген, зерттелген, яғни әбден саралап, пісірілген нақты ақпарат таратушы екенін алға тартты. Ал Жанболат Мамайдың өзінің зерттеуінде дәйексіз ақпараттарды айтып, жалған фактілерді таратумен айналысқанын журналистикалық зерттеуге мүлдем жатқыза алмайтынын жеткізді.

Жанболат бауырым журналист болмаса да, қоғамдық резонанс тудырған мәселеге бей-жай қарай алмадым. Бауырым жеке пікірін журналистік зерттеу деп жариялады. Ал оның елге таратқан ақпараты жоғарыда мен жауап берген сұраққа сәйкес келмейтініне көзім жетіп отыр», – деді Зейін Әліпбек.

Зейін Әліпбек ақпарат жариялаудың өз этикасы барын айтып, негізсіз мәліметпен елді дүрліктіруден алыс болуға шақырды. Ол Мамайдың кешірім сұрау керектігін, мәселені әрі қарай шиеленістіруге болмайтынын ескертті.

«Ақпараттардан білгенім, Бауыржан бауырымыз жалған ақпараттардың кесірінен өзіне және отбасына келтірілген моральдық зиянға материалдық өтемақы өндіріп алудан бас тартыпты. Бұл – тәрбие көрген азаматтың ісі деп білемін. Ендігі кезек Жанболат бауырымда. Көпшіліктің алдына шығып, кешірім сұраған дұрыс деп есептеймін. Мәселе тереңдеген сайын шиеленісе түседі. Абай айтқандай, «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос», – деп ой түйді автор.

Бұл дау Мамай мен Иманбайдың Байбектің бизнесі туралы жасаған зерттеуінен шығып отыр. Байбек Мамай жалған ақпарат таратып, жала жауып отыр десе, Мамай зерттеуінде айтқан әр сөзінің деректері бар деп отыр. Екі тараптың тартысы енді сотта жалғаспақ.

Байланысты жаналықтар

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

27.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

25.04.2025

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

25.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025
MalimBlocks
«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Тоқаев Оңтүстік Африка халқын азаттық күнімен құттықтады

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Тоқаев букмекерлік туралы заңға қол қойды

Эммануэль Макрон: АҚШ ашуын Путинге бағыттауы тиіс

Франция президенті Путиннің жалған сөйлеп отырғанын айтты

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді