Қазақстан Ресейге нота жолдады

Мәскеу бұл мәселені Ресейдің өзіне санкция салған елдерге қарымта жауабы деп отыр

Malim Админ

  • 21.01.2025

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта Ресей тарапы Қазақстанға Еуропадан транзиттелетін тауарлардың неге кешігіп жатқанын түсіндірді.


Ресейлік кеден қызметтерінің қазақстандық тасымалдаушыларды ұстауы Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 313 қаулысының 2024 жылғы 15 қазандағы түзетулерінің қолданылуына байланысты жүргізіледі. Бұған дейін тізбеге сәйкес жекелеген тауар түрлерін елдерге (ЕО елдері және т.б.) әкетуге тыйым салу қосымша тауарларға таратылған. Аталған өзгерістер бірқатар тауарларды (ұшқышсыз ұшу аппараттары, әскери киім, электр генераторлары, аккумуляторлар және т.б.) Ресей аумағынан белгілі бір мемлекеттер мен аумақтарға (Еуропа, АҚШ, Украина және т. б.) әкетуге қосымша шектеулер енгізеді. Бұл ретте Ресей тарапы осы түзетулер енгізілгенге дейін қазақстандық тарапты хабардар етпей, осы шектеулерді біржақты тәртіппен енгізді, - деп жазады вице-премьер.

Шектеу салдарынан Қытайдан Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстан мен Ресей аумақтары арқылы транзитпен өтетін 20 көлік шекарада қаңтарылған.

Бұл тауарлар өткен жылдың қазан айында әкетуге тыйым салынған тауарлар тізіміне қосылды. Айта кету керек, Ресей Федерациясының аумағынан тауарларды әкетуге салынған тыйымдар мен шектеулерді сақтамау Ресей заңнамасына сәйкес 50 мыңнан 300 мың рубльге дейін әкімшілік айыппұл түрінде, тауарларды тәркілеумен немесе онсыз әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Осы жағдайды шешу үшін Қазақстанның Сауда және интеграция, Сыртқы істер министрліктері Ресей Федерациясының уәкілетті органдарымен келіссөздер жүргізуде. Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігіне аталған көлік құралдарын межелі жерге шығару немесе оларды Қазақстанға қайтару мәселелерін шешу туралы хат жолдады. ЕАЭО кедендік аумағынан кеткен кезде ұсталған тауарлар декларантқа немесе өзге де тұлғаларға қайтарылады, - деп жазылған жауапта.

Мәскеу бұл мәселені Ресейдің өзіне санкция салған елдерге қарымта жауабы деп түсіндіріп отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі осы мәселені шешу туралы РФ Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады. Ресей тарапының ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан түсетін жүктерге қатысты көрсетілген шаралар экспорттық бақылау шараларына сәйкес қолданылады және Ұлттық құзыретке жатады. Бұдан басқа, тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу оларды Ресей Федерациясы үшін «достық емес» елдердің пайдалануына жол бермеу үшін енгізілді. Жалпы, бұл мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында, жақын арада бұл мәселені екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да талқылау жоспарлануда, - дейді Серік Жұманғарин.

Фото: kazgazeta.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады