Қазақстанға ресми сапармен Си Цзиньпин келеді

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Malim.kz.
«16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді», – делінген хабарламада.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу өтіп, қазақ-қытай жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, 17 маусымда Астанада Орталық Азия – Қытай екінші саммиті өтеді.
Айта кетейік, Си Цзиньпин Қазақстанға бұл жолы алтыншы рет келмек.
Фото: Ақорда

Ең көп оқылған
