Шығыс Қазақстанда өңірлік кадр резервіне 21 үміткер іріктеліп алынды

Кадрлық резервке іріктеуге 386 үміткер қатысуға ниет білдірді

Мадина Қайнарова

  • 30.09.2024

Биыл 1 наурыздан бастап еліміздің барлық аймақтарында өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысында кадрлық қажеттілікке сәйкес іріктеу бес салалық бағыт бойынша жүргізілді: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы; әлеуметтік сала; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым; агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары.

Бір ай көлімінде арнайы жасақталған платформа арқылы құжаттар қабылданды. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтар қатысады.

Кадрлық резервке іріктеуге Шығыс Қазақстаннан 386 үміткер қатысуға ниет білдірді, соның ішінде құжаттары талаптарға сәйкес келетін 295 азамат іріктеу кезеңдеріне жіберілді.

Жоспар кестеге сәйкес, іріктеудің бірінші кезеңі - заңнаманы білуге арналған тестілеу. Оған 214 үміткер қатысып, жоғары балл алған 109 үміткер жеке қасиеттерді бағалау кезеңіне өтті. Бұл кезеңнің нәтижесінде 42 үміткер іріктеудің келесі кезеңге, яғни құзіреттерді бағалауға жіберілді.

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен жүргізілген құзіреттерді бағалау кезеңіне 38 үміткер қатысып, оның 30-ы құрылымдық сұхбат кезеңіне жіберілді. Екі  үміткер құрылымдық сұхбатқа қатысудан бас тартты. 28 үміткер өңірлік комиссия алдында өздерінің таңдап алған салалық бағыттары бойынша жобаларын қорғады, - делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаментінің ресми ақпаратында.

Кадр комиссиясының шешімімен Шығыс Қазақстаннан өңірлік кадр резервіне 20 үміткер іріктеліп алынды. Сонымен қатар Қағида талаптары бойынша Президенттік жастар кадр резервінің соңғы кезеңіне дейін жетіп, бірақ оған тіркелмеген азаматтарға өз өтініштері негізінде өңірлік резервке іріктеусіз тіркелу құқығы берілген. Осы нормаға сәйкес қосымша тағы 1 үміткер тіркеліп отыр.

Резервте тұру мерзімі - 2 жыл. Осы уақыт аралығында резервшілерге жергілікті атқарушы органдардағы әр түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарға (сайланбалы лауазымдардан басқа) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша конкурстан тыс тағайындала алады.

Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жариялап, оның нәтижесі осы жылдың басында белгілі болды. Ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам резервке алынды, оның құрамында Шығыс Қазақстанның екі бірдей тұрғыны бар: «Сыртқы саясат және инвестициялар» саласы бойынша үміткер атанған Ерасыл Бақытжанов және «Цифрландыру» саласында резервке түскен Талапжан Қауашев.

Айта кетсек, Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. Ол резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтке айналуға тиіс екенін айтты. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейту үшін Президенттік жастар кадрлық резерві жасақтала бастады. Республика бойынша ең алғашқы резервке 300 жас маман іріктеліп алынды, оның отызы шығысқазақстандық еді. Солардың бірі бүгінде Күршім ауданы әкімінің қызметін атқарып жүрген – Алмат Ақышов.   

- Алмат Талғатұлы, Президенттік жастар резервіне республика бойынша алғашқылардың бірі болып өттіңіз. Бұл жоба мансабыңызға қалай әсер етті?

- Мен Президенттік жастар резервіне 2019 жылы өттім. Бұл - өте керемет жоба деп ойлаймын. «Әлеуметтік лифт», «меритократия» дейміз ғой, бірақ ол көп жерде орындала бермейді. Сондықтан осы жоба еліне деген сүйіспеншілігі бар, оның өркендеуіне үлес қосамын деген, қызметте өзін жақсы көрсеткен адал азаматтар үшін ұйымдастырылған. Жас мамандарға тамаша мүмкіндік береді. Оған мен өз тәжірибем арқылы көз жеткізіп отырмын. Осы жобаның арқасында әкімдікте талай жақсы лауазымдарда қызмет еттім.

- Кадрлық резервке өтудің маңызы бар ма? Әлде білікті маман жоғары лауазымға өзі де қол жеткізе ала ма?

- Әрине, білікті маман өзі де қол жеткізе алады. Бірақ Президенттік жастар резерві мамандарға тікелей жол ашады, жоғары лауазымға нақты қол жеткізетініне кепілдік береді десе де болады. Сондықтан, менің ойымша, мұндай жобалар аса қажет.

- Резервке өту кезінде іріктеудің ең қиын кезеңі қандай деп ойлайсыз? 

- Жалпы жеті кезең болған. Ең қиыны – бірінші және екінші кезең. Осы кезеңдерде үміткердің математикалық дағдысын тексереді, ұтқырлықты анықтайды. Онда уақыт шектеулі. Мемлекеттік қызметкерлер әртүрлі ғой. Бірақ математикалық, аналитикалық ойлау қабілеті екінің бірінде бола бермейді. Сондай-ақ әңгімелесу кезеңін де қиын деп айтуға болады. Мұнда адами фактор бар. Комиссия мүшелерінің көңілінен шығасың ба, шықпайсың ба - белгісіз. Ол жерде сенің қолыңнан ештеңе келмейді, тек сұрақтарға ғана жауап бере аласың. Шешімді басқа адамдар қабылдайды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті 

14.10.2024

«Тарихымыз бен мәдениетімізді паш ететін мүмкіндік». ШҚО-да құсбегілер фестивалі аяқталды

12.10.2024

«Шығыс салбурыны – 2024»: ең жас қатысушы 5 жаста (фоторепортаж)

12.10.2024

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

07.10.2024

Облыс басшылығы атом саласы қызметкерлерін құттықтады

27.09.2024

Полиция қызметкері қағып кеткен адам қайтыс болды

23.09.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы ең ұзын көпір сынақтан өтті 

«Тарихымыз бен мәдениетімізді паш ететін мүмкіндік». ШҚО-да құсбегілер фестивалі аяқталды

Фестивальде Жетісудан келген бүркіт ешкімге дес бермеді

«Шығыс салбурыны – 2024»: ең жас қатысушы 5 жаста (фоторепортаж)

Халықаралық фестивальге бірнеше ел өкілі келген

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан

Облыс басшылығы атом саласы қызметкерлерін құттықтады

Бірқатар азаматқа аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды

Полиция қызметкері қағып кеткен адам қайтыс болды

Оқиға Өскемен қаласында болған