Облыс басшылығы атом саласы қызметкерлерін құттықтады

Бірқатар азаматқа аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды

Malim Админ

  • 27.09.2024

Үлбі металлургия зауытында атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.


Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматқа аймақ басшысының Алғыс хатын табыстады.

– Бұл сала еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан ерекше маңызға ие. Сондықтан сіздерге артылып отырған жауапкершілік өте зор. Атом саласында нағыз кәсіби мамандар жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Қуанышымызға орай, бізде мұндай білікті маман аз емес. Сіздер күн сайынғы қажырлы еңбектеріңізбен еліміздің гүлденуіне зор үлес қосып келесіздер. Баршаңызды облыс әкімі Ермек Беделбайұлы атынан осынау мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер, – деген Е.Нұрғалиев артынша сала мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.


Бұл күні осындай марапатқа ие болғандардың ішінде «ҮМЗ» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бежецкий де болды. Оның айтуынша, 2024 жыл атом саласы қызметкерлері үшін де айтулы болайын деп тұр.

– Өздеріңіз білесіздер, биылғы 6 қазанда республикамызда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыхалықтық референдум өтетін болады. Біздің сала мамандары үшін бұл өте маңызды оқиға. Біз 70 жылдан астам уақыт бері уранмен жұмыс істеп келеміз, және оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы жақсы білеміз. Өз тарапымыздан тәжірибе бөлісуге, мамандар дайындау ісіне атсалысуға дайынбыз, – деген С.Бежецкий сала мамандарының еңбегін елеп-ескерген облыс басшылығын алғысын айтты.

Фото: ШҚО әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады