freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар несиені 14 күн ішінде айыппұлсыз қайтара алады

Экономика
Қазақстандықтар несиені 14 күн ішінде айыппұлсыз қайтара алады
Сурет: bankstoday.net

Қазақстанда азаматтарға кейбір несиеден алғаннан кейін 14 күн ішінде айыппұлсыз бас тартуға мүмкіндік беріледі. Жаңа талаптар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында бекітілген. Құжат қазан айында күшіне енеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа тәртіп кепілсіз несиеге қатысты болады. Қарыз алушы шарт жасалған күннен бастап 14 күн ішінде шешімін өзгертіп, несиеден бас тарта алады. Бұл жағдайда банк немесе микроқаржы ұйымы айыппұл не басқа да санкция талап ете алмайды. Алайда қарызды нақты пайдаланған күндер үшін есептелген сыйақыны төлеу қажет.

Бұл мүмкіндік несиеге байланысты рәсімделетін ерікті сақтандыру мен кейбір қосымша қызметтерге де қатысты болады.

Сонымен қатар банктер мен микроқаржы ұйымдары клиентке қаржылық өнім ұсынбас бұрын оның табысын, шығынын, қарыз жүктемесін, қаржылық жағдайын және несие алу мақсатын ескеруі тиіс. Жарнамада өнімнің нақты құны, негізгі шарттары мен тәуекелдері туралы ақпарат толық көрсетілуі керек.

Экономист Бауыржан Ысқақовтың пікірінше, бұл өзгеріс азаматтарды эмоцияға беріліп, асығыс несие рәсімдеуден қорғауға мүмкіндік береді.

Адамдар кейде жарнаманың ықпалымен несие алып, бірнеше күннен кейін оның қажет болмағанын түсінеді. Енді мұндай жағдайда азаматқа шешімін қайта қарауға екі апта уақыт беріледі, - дейді сарапшы

Мамандардың пікірінше, жаңа талаптардың негізгі мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғап, шамадан тыс қарыз алудың алдын алу.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу