freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депозиттен түскен табысқа 5% салық салына ма? Министрлік жауап берді

Экономика
Депозиттен түскен табысқа 5% салық салына ма? Министрлік жауап берді
Фото: pressfoto / Freepik.com

Қазақстанда жеке тұлғалардың банк депозиттерінен алатын пайыздық табысына 5% салық енгізілмейді. Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тараған мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде банктер жеке тұлғалардың салымдары бойынша есептейтін сыйақыдан 5% салық ұстай бастайды деген ақпарат тараған еді.

Ұлттық экономика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың банктегі салымдары мен депозиттері бойынша алатын сыйақысы жеке табыс салығынан босатылғанын түсіндірді.

«Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары мен депозиттері бойынша төленетін сыйақыға жеке табыс салығы салынбайды», – деп хабарлады министрлік.

Ведомство Үкіметтің бұл норманы өзгертіп, депозиттерден түсетін табысқа салық енгізуді жоспарлап отырмағанын да атап өтті.

Осылайша, банкте депозиті бар қазақстандықтар үшін салық салу тәртібі өзгермейді. Депозит бойынша есептелген пайыздық табыстан 5% салық ұсталмайды.

Ұлттық экономика министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сенбей, ресми дереккөздердегі мәліметтерге сүйенуге шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу