freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Отбасылардың 80%-ы ененің кесірінен ажырасады": Жанель Мақажан қоғамдағы өзекті мәселені көтерді

Шоу-бизнес •
"Отбасылардың 80%-ы ененің кесірінен ажырасады": Жанель Мақажан қоғамдағы өзекті мәселені көтерді
Фото: Instagram / janellemakajan

Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан отбасындағы ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Өнер иесі көптеген шаңырақтың шайқалуына ер адамның анасын әйелінен жоғары қоюы себеп болатынын айтып, қоғамдағы қалыптасқан түсінікті сынға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде актрисаның жазбасына пікір қалдырған оқырмандардың бірі ер адам үшін де, әйел үшін де анасы әрдайым бірінші орында тұруы керек деген ойын білдірген.

"Бәрі дұрыс, әрине. Бірақ ана бірінші орында тұру керек деп ойлаймын. Мейлі, тортты әйелі жесін, мейлі бөлек тұрсын, әйелін қатты сүйсін, бірақ бәрібір еркек үшін де, әйел үшін де ана бірінші орында тұруы керек сияқты. Бұл жай ғана менің ойым, әрине", – деп жазған желі қолданушысы.

Алайда Жанель Мақажан бұл пікірмен келіспейтінін ашық жеткізді. Оның айтуынша, қазақ отбасыларындағы ажырасудың басты себептерінің бірі – ер адамның анасы мен жары арасындағы шекараны дұрыс белгілей алмауы.

"Мен бұл пікірге жауап беруге міндеттімін. Себебі біздің қоғамда, жалпы қазақ ер азаматтарында анасы бірінші орында тұрғандықтан, көп отбасы ажырасады. Отбасылардың 80%-ы ененің кесірінен ажырасады", – деді актриса.

Өнер иесі шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар ең алдымен өз отбасына жауапкершілікпен қарап, бір-біріне қолдау көрсетуі қажет деп санайды.

"Құдайдың өзі ер адам мен әйелді жаратып, бірге қосқан. Ол жарымен бірге болу үшін қосқан, анасымен емес", – деп ойын жалғастырды ол.

Жанель Мақажанның пікірінше, отбасындағы басымдықтарды дұрыс белгілемеу ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасына кері әсер етіп, ақыр соңында ажырасуға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда ең алдымен балалар зардап шегеді.

Актриса өзінің өмірлік ұстанымын да түсіндірді. Оның пайымдауынша, адам үшін бірінші орында Жаратқан, одан кейін өзі, жары, балалары және ата-анасы тұруы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Жанель Мақажан жұбайымен ажырасқаны туралы айтып, отбасылық өміріндегі қиындықтарды көпшілікпен бөліскен еді. Актрисаның сөзінше, бұрынғы күйеуі туыстарымен арада келіспеушіліктер туындаған кезде әйелі мен балаларына араша түспеген. Ол отбасын сақтап қалуға барынша тырысқанын, алайда әрекеті нәтиже бермегенін жеткізген.

Сондай-ақ өнер иесі бұрынғы жұбайының үш айдан астам уақыт бойы қыздарына материалдық және моральдық қолдау көрсетпей жүргенін мәлімдеген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу