Полиция қызметкері қағып кеткен адам қайтыс болды
Оқиға Өскемен қаласында болған
Өскемен қаласында полиция қызметкері қағып кеткен адам қайтыс болды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға қаладағы Малая объездная көшесінде болған.
«Полиция қызметкері ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін басқарып келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Фото: time.kz